Арнаға жазылу Қосу
KZ-CERT BOT

KZ-CERT BOT

KZ-CERT ресми боты: сайттарды фишингке тексеру, инциденттер туралы хабарлау және өтініштеріңіздің мәртебесін бақылау.

Telegram-дағы KZ-CERT

Қазақстан Республикасының Компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі ұлттық қызметі KZ-CERT-тің ресми боты. Мұнда күдікті сілтемені тексеруге жіберуге, киберинцидент туралы хабарлауға және ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңестер оқуға болады.

Мүмкіндіктер

  • 🔍 Сайтты тексеру — сілтемені фишингке тексеруге жіберіп, өтініш нөмірін алыңыз.
  • 📨 Инцидент туралы хабарлау — фишингтік сайт немесе басқа инцидент.
  • 📲 Телефон алаяқтығы — алаяқтың нөмірін статистика үшін жіберіп, ҚР ІІМ байланыстарын біліңіз.
  • 📍 Өтініш мәртебесі — барлық өтініштеріңіз және олардың ағымдағы мәртебесі.
  • 📚 АҚ бойынша ұсыныстар — кибергигиена, шифрлаушы бағдарламалар, фишинг, балалардың желідегі қауіпсіздігі және қауіпсіз онлайн сатып алу.
  • ☎️ Байланыстар — KZ-CERT телефоны, call-орталығы, email және сайты.

Қалай пайдалану керек

  1. «Бастау» батырмасын басып, тілді таңдаңыз: қазақша, орысша немесе ағылшынша.
  2. Мәзірден бөлімді таңдаңыз.
  3. Сайтты тексеру үшін сілтемені жіберіп, өтініш нөмірін сақтаңыз.
  4. Нәтижені өтініш мәртебесін тексеру бөлімінде бақылаңыз.

Қосылған күні 2026 ж. 19 қазан